Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне ризашылығын білдірді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің ғасырлар бойы қалыптасқан достыққа, бауырластыққа және тату көршілікке негізделген екі жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсеткенін шынайы бауырластық қатынастардың үлгісі ретінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке Сардоба су қоймасындағы апат салдарынан зардап шеккен Түркістан облысына көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен бірге ҚР Үкіметі Өзбекстанның Сырдария облысындағы зардап шеккен аудан тұрғындарына азық-түлік тауарларын жіберу жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

Әңгімелесу соңында тараптар аймақтағы эпидемиология ахуалы жайында ақпарат алмасып, COVID-19 инфекциясымен және оның салдарымен күрестегі іс-қимылдарды жалғастыра беруге ниетті екенін білдірді.