Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қалташадағы шайдың зияны қандай?

Тұрар Наурызбайқызы бұл тұжырымдарды растады. Ол Химия ғылымдарының кандидаты, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасының оқытушысы.

Шайдың тоңсаң бойыңды жылытатын, шөлдегенде шөліңді қандыратын, сергектік сыйлайтын қасиеттері бар. Сапалы түрлерін емдік шараларда жиі қолданады. «Алайда, қалташадағы шайлар өндірісте өте көп өзгерістерге ұшырайтындықтан, өзінің сапалық қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан онда табиғи дәм мен иіс болмайды. Ал, сіз бен біздің сезіп жүрген иісіміз — химиялық хошиістендіргіштер мен бояу. Олар адам ағзасына қатерлі ісік қаупін туғызады»,-дейді Тұрар Наурызбайқызы.

Тұрар Наурызбайқызы
Тұрар Наурызбайқызы, Химия ғылымдарының кандидаты, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасының оқытушысы. Сурет ©szh.kz

— Қалташадағы шайлар ескірген шай қалдықтарынан жасалатындықтан, құрамында шаң-тозаң мен түрлі қоқсықтар кездеседі. Ол ағзада химиялық тұздардың түзілуіне себепші болады.

Сондай-ақ, қалташадағы шайдың құрамында фтор өте көп болады. Ол тіс эмалінің бұзылуына, сарғаюына, сүйектердің сынғыштығына әкеледі.

Тұрар Наурызбайқызы
Тұрар Наурызбайқызы қалташаға қандай шайдың салынатынын көрсетіп жатыр, Сурет ©szh.kz

Кез келген шайдың құрамында кофеин мен танин кездеседі. Кофеин ой және дене күшін жақсарту үшін қолданылады. Алайда мөлшері көбейіп кетсе, ұйқысыздыққа душар етеді. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар кофеинді азайту үшін қалташадағы шайды жылы суға салып, суын төгіп, қайтадан демдеу керек.

Қалташадағы шайлардың сапалы қағазға оралуы маңызды. Жібек-қағаздан жасалған қаптамалар адам денсаулығына зиянды емес. Алайда, мұндай қаптамадағы шайлар қарапайым қағазға оралған шайлардан қарағанда қымбат болады. Көптеген компаниялар қаптама ретінде синтетикалық қағаздарды қолданады. Бұл да адам ағзасына зиян.

Қалташадағы шайдың сақтау мерзімі ұзақ. Ал көп сақталған шайдың құрамында бауырды зақымдайтын афлотоксин деген қауіпті зат болады.

Шайдың сапасын қалай тексереміз?

Ол үшін қалташадағы шайды салқын суға салып көріңіз. Бояғыштар мен хошиістендіргіштер салқын суға да шыға береді. Түсі, дәмі, иісі тек ыстық суда шығатын шайлардың сапасы жоғары деген сөз.

Қалташадағы шай

Айта кетейік, шайды қалташаға орауды қытайлар ойлап тапқанымен, шәйқалташалары тек 1952 жылы Липтон компаниясымен патенттелді. Вашингтон университетінің ғалымдары қалташадағы шайды зерттеу барысында күніне 5  кеседен артық  ішуге болмайды деген тұжырымға келген. Сондықтан, шайдың орнына су ішкен дұрыс.

Мақалаға реакция

12 Пікір

  1. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    оо, қандай керемет мәлімет! Рахмет!
  2. М
    Мира 10 жыл бұрын
    Рақмееет, өте қажет ақпарат болды, пайдалы мәліметтер жаза беріңіз.
  3. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Коп рахмет жаксы акпарат екен
  4. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    отирик бари пиала куыпты шай бирак ассам деген шай калташасы баска сол байдалы
    1. А
      Анонимно 10 жыл бұрын
      Келіспеймін
    2. А
      Анонимно 10 жыл бұрын
      Мағынасы жоқ мақала екен. Тек құр сөздермен шектелген, дәлелсіз.
    3. Қ
      Қазақ қызы 10 жыл бұрын
      Шай сатасыз ба?
  5. А
    Аллаберген 10 жыл бұрын
    енді жұмыста шай ішпейміз Рахмет
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Бәрі зиян не пайдалы сонда?
  7. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Фтор тістің кіреукесін керісінше қатайтады, сіз нақты зерттеу, сандық мәліметтер, дәлелдеме бермесеңіз, неге халықты дүрліктіресіз?
  8. Т
    Толкын 10 жыл бұрын
    Менде сенбеймын накты ондай далел болса жаналыктан неге айтпаска
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Біліп жүрген дұрыс