Шорнақтағы тұрмыстық жанжал: 4 азамат ұсталды

Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, 1 учаске инспекторы мен 3 тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаске инспекторы жарақат алғанына қарамастан заң бұзудың жолын кесті және іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды, — деді министр.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін. Ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейтті, қазір жағдай тұрақты, — деді Ерлан Тұрғымбаев.