Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 610-ға жетті

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде журналистер денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын сұрады.

Жаңылмасам, 610 адам, — деді министр.

Алексей Цой коронавирустан қайтыс болғандар туралы нақты ақпарат ресми сайттарда жарияланатынын айтты. Ол арнайы комиссияның тексеру уақытына байланысты.

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 73 468 адам тіркелді, 45 376-сы жазылып шықты.