Басты бетҚоғамҚазақстанда коронавирустан...

Қазақстанда коронавирустан 59 дәрігер қайтыс болған

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда коронавирустан 59 дәрігер қайтыс болған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Тізімді өңірлерден алып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібердік. Қазір жұмыста жүріп, коронавирус жұқтырған 123 дәрігер тіркелді. 59 дәрігер қайтыс болды, — деді Алексей Цой.

Министр дәрігерлерге үстемақы беруді жауапты органдар жүзеге асыратынын айтты.

Біздің міндет — қанша адам жұқтырғанын анықтап, тиісті органдарға беру. Сонымен бірге дәрігердің вирусты қайдан жұқтырғанын анықтайтын эпидемиология карталары бар, — деді ол.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай енгізілгенде дәрігер жұмыста жүріп, коронавирус жұқтырса, оған 2 миллион, қайтыс болса, отбасына 10 миллион төленетінін айтқан еді.