Басты бет / Жаңалықтар /
73e0788a75d8f5c241a99b3f62d91a6b Алматыдағы карантин: демалыс күндері ұлттық парктер жабық болады
Фото: Sxodim.kz

Алматыдағы карантин: демалыс күндері ұлттық парктер жабық болады

Ұлттық парктер аумағына, танымал туристік және таулы нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, сонымен бірге радон қайнар бұлағы) кез келген көлікпен баруға тыйым салынады.

Демалыс күндері ұлттық парктер жабық болады.

Жұмыс күндері тек жаяу серуендеуге келесі ережелерді сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:

  • ішетін сусыннан басқа азық-түлік өнімдерін әкеліп, пикник ұйымдастырып, от жағуға қатаң тыйым салынады;
  • саябақ аумағында 3 адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынады;
  • санитария талаптарын: маска тағу және арақашықтық сақтау керек.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook