22 желтоқсан күні Астанада дабыл қосылады

Аталған тексеру жоспарлы болып табылады және ай сайын жүргізілетін болады.

Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады және ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын («Хабар», «Қазақстан», «Евразия бірінші арна», «Астана», «КТК», «НТК»-теледидарларын, «Астана FM», «Шалқар», «Ретро FM», «Авторадио», «Қазақ» радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.
Фото:murmanout.ru

Дереккөз24.kz