Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42 500 теңге төлейді, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 13, 2020
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстан азаматтарына 42 500 теңге төленбейтінін хабарлаған еді.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі салдарынан табыссыз қалған Қазақстан азаматтары 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды. Бұл — Қазақстандағы ең төменгі жалақы. Қазақстанда төтенше жағдай режимі 15 наурызда енгізіліп, 11 мамырда аяқталды.