Алматыда вирустан сақтануға қатысты акция басталды

Акцияның мақсаты — азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту. Талаптарды орындау қауіпті вирусты жұқтырудан сақтамақ.

Бетперде киіп, карантин талаптарын сақтай отырып, біз тек өзіміз жайлы емес, ең жақын жандарымыздың, балаларымыз бен ата-аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Дәл осы адамдар үшін ол өте қауіпті және қатерлі болуы мүмкін. Өзіңіз бен отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымызға байланысты! — делінген акция мәтінінде.