Алматыға дәрі-дәрмек үздіксіз келіп жатыр — Inkar фармкомпаниясының бас директоры

Өндірістік компаниялардың, дәріхана желілерінің және салалық қауымдастықтың өкілдері дәрілік құралдардың қоры мен жоспарлы жеткізілуі туралы хабарлады. Сонымен қатар олар тауарларды рәсімдеу және оларды алу процедуралары туралы айтты.

Дәріханалардағы дәрі-дәрімектердің бар-жоғына қатысты сұрақтар көлемін ескере отырып, INKAR ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова осы жағдай туралы, сонымен қатар кезекке қатысты түсініктеме берді.

Кезектер бар, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екенін ескере отырып, 20-25 адамнан артық кіргізбейміз. Науқастар саны көп, бірақ біз жағдайдың түзеліп келе жатқанын байқап отырмыз. Алматыға тауар үздіксіз келіп жатыр. INKAR ЖШС-не 1 миллионнан астам парацетамол келді. Сонымен қатар жүкті жөнелтуге байланысты адам факторы тұрғысынан үлкен қиындықтар бар. Соған қарамастан қазір бүкіл кеңсе жұмыс істеп тұр, адамдар тауарды босатып алу үшін демалыссыз еңбек етіп жатыр, — деді Әлия Ерімбетова.

Әлия Ерімбетова COVID-19 жаңа вирус екенін және фармкомпаниялар да мұндай дүрлігуді күтпегенін айтты. Ол өнімнің сапасы бұрынғысынша жоғары деңгейде екеніне сендірді.

Біз барлық аурухананы тауарлармен қамтамасыз етеміз. Базар мұндай сұранысқа ие болмады, антибиотиктер әдетте тек рецепт бойынша сатылған. Наурыз айынан бастап БАҚ-та көптеген жаман нәрсе жазылды. Дегенмен ел мен қала басшылығы жағдайды шешуге, жеңуге өте мүдделі деп санаймын. Ол үшін көптеген дұрыс қадам жасалды. Біз ұшақтарды ақысыз жеткізу ұйымын күтеміз — енді жеткізушіні таңдау қалады. Қазір Үкімет бәріне қолайлы болу жолдарын қарастырып жатыр. Барлық мүмкін жағдайды тездетіп, жеңілдетіп отыр. Өндірушілер халық үшін өткізу жүйесі жолға қойылған ескі компаниялардың жеткізуіне басымдық береді, — деді Әлия Ерімбетова.

Фармкомпания басшысы дәріханаларда коронавирус пандемиясын ескере отырып, халық арасында ең танымал 41 дәрі-дәрмектің бар екені туралы түсіндірді.

Бір аптаның ішінде дексаметазон мен ең тапшы өнімдерге шиеленіс азаяды, — деді Әлия Ерімбетова.

Еске салайық, бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тиісті қызметтерге дәрі-дәрмектер мен өнімдердің үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болған жағдайда салық және кеден әкімшілендіруін, сонымен қатар импорттық тауарға сәйкестік сертификаттарын алу рәсімін жеделдетуді де тапсырды.