Қазақстанда алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Оңтүстік Каспий циклоны ел аумағынан солтүстік-шығысқа қарай ығысады.

Бұл циклонның атмосфера фронттары әсерінен Қазақстанда найзағай ойнайды, жел соғады, жаңбыр және бұршақ жауады.

Ауа температурасы түнде 8-18 градус жылыға дейін, күндіз 18-28 градус жылыға дейін төмендейді, тек батыс және оңтүстік-батыста жауын-шашын жаумайды, түнде 13-22 градус жылыға дейін, күндіз 30-38 жылыға дейін жоғарылайды, — деп хабарлады синоптиктер.