Басты бетЖаңалықтарПремьер-министрдің орынбасары...

Премьер-министрдің орынбасары коронавирустан жазылды

Ералы Тоғжановтың 10 күндік емнен кейін жасатқан тесті теріс нәтиже берді. Ол жұмысына кірісті, — деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

18 маусым күні Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Ол Facebook-парақшасында инфекцияның симптомсыз түрін жұқтырғанын жазды.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын Нұрсұлтан Назарбаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұқтырды.