Премьер-министрдің орынбасарына коронавирус жұқты

Үкімет басшысының орынбасары жылдам жазылып кету үшін қазір дәрігерлердің барлық нұсқауын орындап жатқанын айтты.

Құрметті Қазақстан азаматтары! Маған да өзімді өзім оқшаулауға тура келді. Инфекциядан сақтануға қанша тырыссам да, болмады. Менен коронавирус инфекциясының симптомсыз формасы анықталды, — деп жазды Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер азаматтарды маска тағып жүруге, антисептик қолдануға, қолды жиі жууға, жеке бас гигиенасының басқа да талаптарын орындауға үндеді.

Коронавирус инфекциясы бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтан анықталғаны хабарланған еді. Ауруды Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли де жұқтырды.