Қазақстандық жұлдыздар балаларына қандай есім қояды?

Риана

Рахман мен Рамис

«Супер Star» жоабсы арқылы көпшілкке танымал болған Рахман жұбайы Рамиспен бірге қыздарына Риана деген есім берген.

Риана, Рахман және Рамис

Лидоның балалары
Лидоның балалары

Лидоның айтуынша, жары екеуі балаларына ат таңдағанда мұсылман есімдерін беруді жөн көрген. Қызы Риананың есімі араб тілінде «құдайдың жаны, хош иісті гүл» деген мағынаны береді. Ал, екінші ұлы Рахманның аты «мейірімді» деген сөз.  Үшінші ұлының да есімі «Р» әрпінен басталады — Рамис. Ол да араб тілінен алынған. Мағынасы «символ, ерекше таңбалы».

Микаэль

Мұрат Мұтырғанов

Мұрат Мұтырғанов ұлына Микаэль деген есім берген. Өзінің айтуынша, Микаэль — ислам, иудизм мен христиан дінінде ерекше құрметтелетін төрт ірі періштенің бірі.

Зеин мен Омар

Беркут пен Аиша
Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша балаларына Зейін және Омар деген есім берген. Зейін араб тілінде «сана, назар, ой» деген мағынаны берсе, Омар — «өсіп-өркендеу, гүлдену» деген сөз.

Мейірлен, Мерген, Інжу

Ерболат Беделханның қыздары

Ерболат Беделхан балаларына есім беруде таза қазақша нұсқаларды таңдапты. Үлкен қызына «мейірім» сөзінен шыққан Мейірлен деген ат қойса, ұлына — Мерген, кіші қызына асыл тастардың бірі Інжу деген есім берген.

Сурая, Сара, Иман және Мұса

Динара Сұлтанның балалары

Динара Сұлтанның балаларының есімдері осындай. Араб тілінде Сурая — «жұлдыз», Сара — «таза», Иман — «сенім» деген мағынаны берсе, Мұса — пайғамбардың есімі.

Арнела

Алан Черкасов

Тележүргізуші Алан Черкасов пен FM тобының бұрынғы әншісі Анастасия Клещенко қыздарына осындай ерекше есім қойыпты. Мағынасы — «тәкаппар ұябасар» деген мағынаны береді. (Ұябасар — ұрғашы бүркіт)

Эсманұр мен Әлихан

Қазбек Қасымның баласы

Танымал тележүргізуші Қазбек Қасымның қызының есімі — Эсманұр. Ол араб және түрік тіліндегі сөздердің түбірінен алынған, «есімдердің ең үздігі, ең жоғары жарық» деген мағынаны білдіреді. Ал, ұлына ат қоюда тележүргізуші қазақтың Әлихан деген есіміне тоқтаған.

Альберт

Карина Абдуллина ұлымен

«Менің ұлымда орыс, татар, армян халқының қаны бар. Сондықтан оны осылай атауды жөн көрдім. Оның үстіне біз көпұлтты мемлекетте тұрамыз»,-деді Карина ұлының есімі туралы.

Дереккөзgakku арнасы