Басты бетҚоғамБұқаралық ақпарат...

Бұқаралық ақпарат құралдары салықтан уақытша босатылады

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аида Балаеваның айтуынша, баспасөз жарнамадан түсетін табыстың 60%-інен айырылуы мүмкін.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында бүгін Парламент 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін еңбекке ақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатуды қарастыратын заңнамаға түзету енгізуді мақұлдады, — деді министр.

Парламент заң жобасын қабылдады.

Заңның аясында коммерциялық теле-радиоарналарды аналогтық және эфирлік телерадио хабарларын тарату қызметіне ақы төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін босату қарастырылған, — деді Аида Балаева.