Дәурен Абаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Қуатов Дәурен Қасенұлына, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына, «Жетісу» телеарнасының директоры Сарыбай Серік Әбікенұлына, «Хабар» телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Трухачев Александр Владимировичке табыс етті. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттарын «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының тілшісі Әшім Альбинаға, «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына, «Semei» телеарнасының редактор-тележүргізушісі Нұрышева Маржан Еркімбекқызына, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Смайлов Жандос Мейірбекұлына берді.

Дәурен Абаев, журналистер
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысымен «Ана тілі» газетінің, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің, «Казахстанская правда» республикалық газетінің, «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымы марапаттады.