Денсаулық сақтау вице министрі қызметінен кетті

Үкімет қаулысымен Ләззат Ақтаева өзінің өтініші бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Ләззат Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988 жылы) және Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын (2003 жылы) бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматыдағы №3 перзентханада акушер-гинеколог болып тастады. Көп жыл Қазақстанның денсаулық сақтау саласында басшылық қызмет атқарды. Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2017 жылдың ақпанында тағайындалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен кетіп, орнына Алексей Цой тағайындалғанын хабарлаған едік.