ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мамандарының хабарлауынша, 20 маусымда Батыс Қазақстан облысындағы Зеленое ауылында 1956 жылғы ер адам Шағанға батып кетті. Сол күні Қостанай облысындағы Федоровка ауылында қазаншұңқырға шомылған 9 жастағы бала қайтыс болды және Жайыққа шомылған Атырау облысындағы Ақтоғай ауылының 31 жастағы тұрғыны суға кетіп қалды.
Жексенбі күні Алматы облысының Ақши ауылында 18 жастағы жігіт Алакөлге батып кетті. Сол күні Ақмола облысындағы Оразақ ауылында 29 жастағы ер адамның денесі Нұрадан шығарылды, Атырау облысындағы Талғайран ауылында тұратын 20 жастағы жігіт Жайыққа батып кетті.
Жамбыл облысында 8 жастағы бала Теріс-Ащыбұлақ суқоймасына батып кетті.
Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында құтқарушылар Есіл жағасындағы батпаққа батып қалған 72 жастағы балықшыны ауруханаға жеткізді. Қарияға суық тиген.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері бұл оқиғалардың бәрінде адамдар температурасы 15-20 градустан аспайтын суға түскен деп отыр. Олар мұндай температурадағы суда 3 минуттан артық тұрмау керек екенін ескертеді.
Жылы деп температурасы 22 градусқа дейін көтерілген суды айтамыз, ол кезде де 10 минуттан ұзақ түспеу керек. Су температурасы 24 градус болса, жарты сағат қана шомылған дұрыс. Суға ұзақ шомылу денсаулыққа қауіпті, шомылу уақыты ауа мен судың температурасына және желдің күшіне байланысты болуы керек, — деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.
Суға шомылу режимі мынадай болуға тиіс:
— су температурасы 18 градус жылы болса, 6-8 минут;
— су температурасы 20 градус жылы болса, 10-12 минут;
— су температурасы 20 градустан жоғары болса, 15 минут.
Мамандар суға шомылушыларға арналған тыйымдарды еске салады.