ҚР азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуына және сол елдердің азаматтарына Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат беріледі.
Шетелдіктер үшін негізгі шарттар: виза талаптарын сақтауға, Қазақстан Республикасына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматы болуға және осы мемлекеттен тікелей рейспен жүруге тиіс. Осы тәртіпке сәйкес елге кіруге рұқсаты бар шетелдіктер де Қазақстан Республикасына кіру үшін тікелей әуе рейстерін пайдалана алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге: Қазақстанға экипаждан тыс ауысымға бара жатқан теңіз кемелерінің қызметкерлері құрамынан тұратын шетелдік азаматтарға қызметі мен мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары бар болған жағдайда;
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылықпен айналысатын адамның қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаты болған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізім мен үлгі құжаттарына сәйкес);
Шетел оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының кәмелет жасқа толмаған азаматтарын ертіп жүретін ата-аналарына (қорғаншылары немесе қамқоршыларына), олардың визаларын ұзарту, ID-картасын ресімдеу, емтихандардан (тест) өтуге шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы және осы мақсаттармен шет елге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда рұқсат етілген.
Елден шыққан кезде Қазақстан Республикасының азаматтары қолданыстағы шектеулерді және сапар жоспарланған елге кіру мүмкіндігін өз бетінше анықтауы қажет.