TikTok желісінің бірегей видео түсіру әдісімен пайдалы кеңес беруге болады. Ресей блогері, дәрігер Владислав Ченчак бір ролигін коронавирус инфекциясының алғашқы белгілерін атап көрсетуге арнаған.

Дүниежүзіне коронавирус инфекциясы жаппай тарағалы бері елде медицина маскасына сұраныс артты. Халық дәріханаларда маска тапшы екенін айтып, наразылық білдірді. Қазақстан әншісі Салтанат Серкебаева қат тауардың маңызын былай түсіндірді:

TikTok-та көбіне күнделікті өмірде мемге айналған кез келген дүниені сәтті пайдалана білгенде «бағың жанады». Карантин кезінде Қазақстанда балконнан Өктем Алтаевтың «Ақ сәулем» әнін орындаған тұрғынның дауысы күлкілі медиавирусқа айналды. Актриса Жазира Еркін мен шоумен Марат Оралғазин оны мақсатына ұтымды пайдаланды.

Бұл TikTok қолданушыларының фантазиясында шек бола ма екен, сірә?! Өнердің бір жанры іспетті мұнда да тақырып, идея, көркемдік болады! Онсыз бәсекеде озып шығу тағы жоқ. Мынаны қараңызшы, дүниежүзі мемлекеттері коронавируспен қалай арпалысып жатқаны туралы әзілдеу үшін тап осындай сценарий ойлап табар ма едіңіз?

It’s Corona Time — пандемия кезінде TikTok-та кең танылған әуен. Авторы — Christi CarrasStaff. Желі қолданушылары оны пайдаланып, санитария талабын сақтауды еске салып тұратын роликтер сериясын жасады.

Әлбетте, пандемия кезіндегі Қазақстан азаматтарының танымал әні — «Коронавирус, кет, кет, кет» те роликке арқау болатын үрдістен қалыс қалған жоқ. Марат Омаровтың вирус композициясына түсірілген «туындылар» — бөлек әңгіме қылуға болатын тақырып.

Тағы оқыңыз: Пандемия поэзиясы: коронавирус ақындарды қалай тебірентті?