Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алды

Джеки Чан өзінің кинематографиядағы ұзақ жылғы жемісті еңбегіне қарамастан бұл марапатты күтпегендігін айтты. Forbes журналының деректері бойынша, 62 жастағы Джеки Чан әлемдегі ең жоғары жалақы табатын актерлердің рейтингінде екінші орында (61 млн доллар).

Сондай-ақ, америкалық режиссер-документалист Фредерик Вайсман, кастинг-директор Линн Сталмастер, британдық әйел — монтаж жасаушы Энн Коутс та «Оскарлы» болды.

 

ДереккөзТАСС