Қызылорда облысынан көне кесененің орны табылды

Қызылорда облысындағы Қоғалыкөл ауылы аумағынан көне кесененің орны табылды. Кесене Қышқала қалашығы орнында тұр. Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі мамандары қазба жұмыстары Алтын орданың 750 жылдығы аясында жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Биыл елімізге белігілі археолог Мадияр Елеуов жетекшілік ететін археологиялық экспедиция кең көлемді археологиялық зерттеу шарасына назар аударып отыр. Жұмыс барысында консервациялық шаралар атқарылады деп жоспарланды. Қазір қалашықтың шетінде орналасқан кесененің орны толық ашылып жатыр. Қазба нәтижесінде кесененің көлемі үлкен екені анықталды. Ол толық қыштан тұрғызылған.  Қазба жұмыстары Алтын орданың 750 жылдығы аясында жүзеге асырылып жатыр, — деді Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің мамандары.

Фото: Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі

Экспедицияға археологтар, жас ғалымдар және жергілікті ауыл тұрғындары тартылған. Оған қоса, 2020 жылы облыста былтырғы қазу кезінде анықталған құрылыс нысандары және қыш күйдіретін пеш орындары қазылады.

Айта кетейік, Қышқаладағы археологиялық зерттеулер 2018 жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді.