Үйдегі карантинде жатқан адамға арналған нұсқаулық:

— Үйден шықпау керек;

— Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирус таралуына жол бермеу үшін бірреттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін қолды бірден сабындап жуып, спирті бар антисептикпен сүрту керек. Медицина маскасын нығыздап тағып, 2 сағат сайын ауыстырып отыру қажет;

— Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, антисептикпен сүртуді ұмытпау керек. Қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бірреттік майлықты пайдалану керек;

— Жеке пайдаланатын ыдыспен тамақ ішу керек;

— Қызуды немесе өзге де жайсыздықты сезінген жағдайда коронавирусқа қатысты мәлімет беретін call-орталыққа хабарласу немесе жедел жәрдем шақыру керек.

Қашықтан жасалатын мониторинг үшін мына шарттар орындалуы керек:

— Үйдегі карантинде жатқан адам смартфонына Smart Astana мобайл қолданбасын орнатып, GPS, Wi-Fi, Bluetooth-ды қосуы керек;

— «Мен карантиндемін» режимін қосып, карантин біткенше өшірмеуі керек;

— Телефон әрдайым интернеттен ажырамауы керек;

— Мобайл қолданба ашылып тұруға немесе ұялы телефон бетіндегі режимде тұруға тиіс (қолданбаның істеп тұрғанын хабарландырулар немесе статус виджетінен көріп отыруға болады).

Карантинде жатқан адамы бар үйлерге арналған нұсқаулық:

— Үйге бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынуы керек;

— Карантин бөлмесіне кірер кезде медицина маскасын нығыздап тағу керек. Маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе, ауыстырған дұрыс. Оны шешерде сырт жағын ұстамау керек;

— Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне екі рет өлшеген жөн;

— Бөлмені күніне екі рет желдеткен дұрыс;

— Бөлмені күн сайын дымқылдап жуып-тазалау керек;

— Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек;

— Отбасының әр мүшесі бөлек ыдысты пайдалануға тиіс;

— Жөтелгенде, түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирус таралуына жол бермеу үшін бірреттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен сүрту керек;

— Отбасындағы әрбір адамнан дене қызуы немесе жайсыздық байқалса, коронавирусқа қатысты мәлімет беретін call-орталыққа хабарласу немесе жедел жәрдем шақыру керек.