Жұмада еліміздің қай өңірлерінде күн ыстық болады?

12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерде 35 градусқа дейін ыстық болады, жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Дала өрті қаупі күшейеді.

Қостанай облысында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, кей жерде 35 градус ыстық болады.

Қызылорда облысында 40 градус ыстық болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысында 35-39 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде 35-38 градус ыстық болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде температура 40 градусқа дейін көтеріледі.