Бірінші онкүндіктің ортасында елдің солтүстігінде, онкүндіктің соңында шығыста ауа температурасы түнде 12-20 градус жылыдан 8-13 градус жылыға дейін, күндіз 27-35 градус ыстықтан 17-25 градус жылыға дейін төмендейді.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бірінші онкүндіктің ортасында температура түнде 17-25 градус жылыдан 12-17 градус жылыға дейін, күндіз 35-44 градус ыстықтан 30-35 градус ыстыққа дейін төмендейді. Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде де ауа температурасы осылай құбылады.

Алғашқы онкүндіктің ортасында республиканың батысында температура түнде 13-18 градус жылыдан 5-13 градус жылыға дейін төмендеп, күндіз 23-33 градустан 30-38 градус ыстыққа дейін көтеріледі.

Ай бойы циклондар мен антициклондар жиі ауысып, жауын-шашынсыз ыстық күндер жауын-шашынды, найзағайлы салқын күндерге ұласып отырады.

Айдың ортасында оңтүстік-батыста ауа температурасы түнде 17-28 градус жылы, күндіз 36-43 градус ыстық аралығында болады.

Солтүстік-шығыста екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің басында түнде 15-20 градус жылы, күндіз 33-39 градус ыстық болады.

Бұл айда Қазақстанның көп өңірінде температура нормадан 1-2 градус жоғары, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде норма шамасында болады. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның көп бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыста нормадан төмен болады деп болжанып отыр, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары.