Қызылорда облысында қан орталығы салынады

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметовтің айтуынша, ғимараттың сметасы мемлекеттік сараптама қарауына әзірленіп жатыр. Жаңа мекеменің көлемі 7000 шаршы метр болады. Ал қазір жұмыс істеп тұрған облыстағы қан орталығы базасында 22 109 донор бар.

Облыста жаңа мекеме іске қосылады. Қазір облыстағы қан орталығы  базасында 22 109 донор бар. Оның ішінде белсенді түрде қан тапсырып жүрген жерлестің саны — 700-800 адам. Қан орталығында жыл басынан бері 7 541 адам қан тапсыруға ниет білдіріп, оның 3 442-сі донор болды, – деді Жақсылық Әбдісәметов.

Оның айтуынша, жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ, қан және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар донор бола алады.

Айта кетейік, 14 маусым — донорлардың халықаралық күні. Бұл күн облыс деңгейінде жыл сайын «Қан тапсырып, өміріңді бөліс!» ұранымен аталып өтеді.