Ыстық, өткінші жаңбыр, күшті жел: 10 маусымдағы ауа райы

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бірақ 35 градус ыстық болады. Атырау, Маңғыстау облыстарында 35-38 градус ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.