Қызылорда мемлекеттік университеті ұжымы әнұран орындады

Мемлекеттік әнұранды Қызылорда мемлекеттік университеті ректоры Бейбіткүл Кәрімова оқу орны ұжымымен бірге шырқады. Шараның мақсаты — тәуелсіздік символы саналатын мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету.
Білім беру мекемесінде 1 қыркүйектен бастап барлық академиялық оқу тобында сабақтар мемлекеттік гимнмен басталатын болып шешілді. Осыған орай университеттің барлық оқу ғимаратына кейінгі үлгідегі дыбыс күшейткіш аппараттар орнатылды.
Қазір оқу орнында студенттер мен қызметкерлердің ұлттық рухын көтеру мақсатында ұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдері, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей мен Тәттімбеттің және тағы басқа күйшілердің туындылары орындалып, патриоттық нақыштағы әндер қосылып тұр.
Әсия Нұрлыбаева