4 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында қатты ыстық болады. Алматы, Маңғыстау облыстарында 38 градус ыстық, Атырау облысында 40, Қызылорда облысында 47 градус ыстық болатыны тұрғындарға ескертілді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.