«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Ақмола облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады.
Алматы, Ақтөбе облыстарында температура 38 градусқа дейін, Атырау, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін көтеріледі. Республика бойынша ең жоғары температура — 47 градус ыстық Қызылорда облысының оңтүстігінде тіркеледі.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарында далалық алқаптарда өрт қаупі күшейеді.