Оңтүстік пен батыста 40 градус шамасында ыстық болады

«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметінше, 28 мамырда ел аумағына жоғары қысым әсер етеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, солтүстік пен солтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғатыны, тұман түсетіні ескертілді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында күн 41, Түркістан облысында 40 градусқа дейін ысиды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында да қатты ыстық болады. Ақтөбе облысында температура 39 градусқа дейін көтеріледі. Аптапқа байланысты Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында далада өрт қаупі күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады.