Компанияға банкті таңдау әрқашан сенімділік тудыратыны рас. Кәсіпкерлер бұл процесте барлық банктегі қызметтерді салыстыра отырып таңдауды мұқият қарастырады. Бұл орайда «шоттар қаншалықты тез ашылады?», «аударымдар мен ақша алу үшін комиссиялары қандай?», «интернет-банкингті пайдалану ыңғайлы ма?», «бөлімде жақсы қызмет көрсетіле ме?», «төлемдерді шетел валютасымен қабылдауға бола ма?» деген сияқты сауалдарды сарапқа салады.
Бар-жоғы 5 жыл бұрын Forte активтері бойынша 30 банктің қатарына кіретін еді. Ірі компаниялар бізбен жұмыс істеуге шешім қабылдауы мүмкін емес сияқты көрінетін. Алайда біз бұны жүзеге асыру үшін бәрін жасадық. Бүгінгі таңда біз — еліміздегі үшінші ірі банкпіз және ірі компаниялармен жұмыс істейміз. Былтыр бизнес-шоттарды басқаруға арналған жаңа интернет-банкингті іске қостық. Енді оның клиенттерімізге ұнайтынына көз жеткіздік. Бір жылдың ішінде бұл жүйеге 16 000 кәсіпкер жүгінді, — деді жоба кеңсесінің жетекшісі Елдос Кирбасов.
Биылдан бастап кәсіпкерлер филиалға бармай-ақ өздерінің шотын ашуға өтініш бере алады. Жаңартылған интернет-банкинг арқылы тұтынушы шотындағы валютаны қазынадан жеке бағам бойынша айырбастай алады. Осының бәрін пайдалану кәсіпкерлерге тиімді болуы үшін банк өзінің жаңа тариф топтамаларын ұсынады. Олар барлық тиімді қызметті қамтиды — карта, шот, эквайринг, аударымдар және басқалар.
Былтыр шығарылған және кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырған тағы бір ыңғайлы өнім — ForteKassa. Бұл сауда орындарыңызды автоматтандырады, сонымен қатар касса операцияларын, жұмысшыларды, қойманы бақылауға, кірістерді көруге және жеке кабинеттегі аналитиканы тексеруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы — касса аппараты, чекті басып шығарғыш және POS-терминал бір құрылғыға біріктірілген. Сатушылар үшін ең оңтайлы қызмет, — деді Елдос.
Бұл құрылғы Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында өте танымал болды және биыл оған аралас төлем, касса аймағындағы жеңілдіктер және мобайл қосымшадан тауарларды қабылдау сияқты жаңа функциялар қосылды.
Жақында Forte оның шағын нұсқасын — ForteKassa ақылды терминалын шығарды. Оның кірістірілген штрих-код сканері бар. Бұл жаңалықты алғашқысының әріптесі сияқты қабылдауға болады. Ол сөмкеге оңай сыяды, сондықтан өзіңізбен бірге алып жүруге де ыңғайлы.
Көп қызметкері бар және әрқайсысы төлем қабылдауы керек кәсіпорындарға біз әрбір POS-терминалды сатып алмауы үшін оңай және тиімді шешім қабылдадық. Бұл — NFC-модулі арқылы смартфонды контактісіз төлемдерді алуға арналған құрылғыға айналдыратын Tap on Phone технологиясы. Ол үлкен желілерге, таксиге, жеткізу қызметіне, мейрамханаларға және үлкен кассаларды қажет етпейтін бизнес түрлеріне, шаштараздарға немесе гүл сатушыларға да өте ыңғайлы, — деп түйіндеді сөзін Елдос.
Бір жыл бұрын Forte экожүйесі Forte Market цифрлық дүкенімен толыққан. Ол кішкентай электроникадан үй жиһазына дейінгі мыңдаған түрлі өнім сатады.
Қазірдің өзінде сайтта 200-ден астам сатушы бар. Олар 100-ден астам санаттағы 100 мыңға жуық тауар бірлігін ұсынады. Мұнда тұрмыстық техниканы, гаджеттерді, автомобиль аксессуарларын, спорт жабдықтарын және тағы басқаларын онлайн сатып ала алуға болады.
Біздің басты мақсатымыз — отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Сондықтан біздің нарықта «Қазақстанда жасалған» деген арнайы бөлім пайда болды. Барлық серіктес ForteMarket тауарларды сату жөніндегі комиссияны 2020 жылғы шілденің аяғына дейін алып тастайды. Бұл карантиннен кейінгі кезеңде бизнесті дамытуға жақсы ынталандыру болады және кәсіпкерлерге жинақталған қаражатты бизнесін дамытуға бағыттауға көмектеседі, — дейді ForteMarket басшысы Дмитрий Комиссар.
Бизнесті алға жылжыту үшін кәсіпкерлер Forte маркетинг ресурстарын — сайттағы жарнамалар, push-хабарламалар, әлеуметтік желілердегі және басқа арналардағы жарнама туралы алады. Бұл адамдардың өз бизнесі туралы мүмкіндігінше көбірек білуі үшін қажет.
Дәстүр бойынша тұсаукесер соңында бәрін тосынсый күтіп тұрды — ForteWeek барлық клиентке маусымның аяғына дейін кез келген саудасына жарнама кодын 10 000 теңгеге береді.