2020 жылдың 18 мамырынан бастап мектепке дейінгі ұйымдар меншік түріне қарамастан «кезекші топ» режимінде, бірінші кезекте, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін және олардың қалауы бойынша күшейтілген санитария талаптарын сақтап, жұмысын қайта бастады, — деді білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.
Оның айтуынша, балалар 1 тамызға дейін балабақшаларға барады.
1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымының жұмысын штат режимінде бастау жоспарланып отыр, — деді Шолпан Қадырова.
Нұр-Сұлтанда 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 55 708 бала оқиды.