Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Тағы бір отандасымызға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Корольдіктегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев айтып берді. Елшінің сөзінше, Сауд Арабиясында қазақстандық 95 студент білім алып жүр. Олардың 60-қа жуығы Медина қаласындағы ислам университетінде оқиды.

«Бұл университетке бүкіл әлемнен түрлі адамдар, түрлі көзқарастарымен келеді. Сондықтан басқа ағымға кетіп қалу қаупі бар деп айта аламын. Оның кей нышандарын біз байқап та отырмыз. Бізде студенттермен жұмыс өте қатаң бақылауда. Әрдайым олармен байланыстамыз. Қай бағытта қандай идеология бойынша білім алып жатқандарын қарап отырамыз», — дейді Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев.

ДереккөзАстана