Басты бетҚоғамАлматыда қоғамдық...

Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзарды

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар бетперде тағып, арақашықтықты сақтау сияқты шараларды қатаң сақтағанда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Сонымен бірге жолаушылар саны автобустағы орын санынан аспауға тиіс.

Егер барлық орын бос болмаса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылардың азаюына қарамай қазір автобустардың 90%-і жұмысқа шығады. Жолаушылар көп жүретін бағыттарға да автобустар қосылады, — делінген хабарламада.

Санитария нормалары сақталуына жолаушылардың өзі жауапты. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастырады.

Ал қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірше жоспарда жоқ.