Қазалыда колледж жанынан ашылған жылыжай алғашқы өнімін берді

Жылыжайдың құрылысы былтыр басталған. Жылыжайда әзірге қияр мен қызанақ қана өсіп тұр. Алдағы уақытта гүлдің сан түрін өсіру жоспарланып отыр.

Жылыжайға егілген қияр мен қызанақты күтіп-баптау колледж директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Болат Садықовқа бекітілген. 2 ай бұрын егілген қиярдың қазір желегі жайқалып, пісіп тұр. Мамыр айының соңына дейін қызанақ та жеміс бере бастайды.

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Темірбек Исмайловтың айтуынша, алдағы уақытта «Жылыжайда көкөніс өсіруші» мамандығын ашу жоспарда бар. Білім ордасында мұндай тәжірибе алаңының болуы болашақ мамандардың кәсібін жетік меңгеріп шығуына себеп болмақ.

Студенттер жаңа технологиялардың, тамшылатып суарудың пайдасы қандай екенін, қандай процестер қолданған жағдайда жақсы өнім алуға болатынын үйренеді.