Қызылордада ХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгерді

Қазір қалада Халыққа қызмет көрсету орталықтары өзгерген тәртіп бойынша жұмыс істей бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ облыс бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев хабарлады.

Енді азаматтар орталықтан қағаз жүзіндегі, электрон форматта қолжетімсіз және egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызмет нәтижелерін ғана алады. Онда бару үшін «1414» байланыс орталығы, egov.kz сайтындағы арнайы сервис немесе TelegramBot қосымшасы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет. Алдын ала жазылусыз қызмет көрсетілмейді, – деді Айдын Қайруллаев.

Өзгеріс Қызылордадағы орталықтарға ғана қатысты. Аудандық маңызы бар қалалардағы, аудан орталықтарындағы бөлімдерге келушілер айтарлықтай аз болғандықтан жаңашылдық қолданылған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер мен оларды өз бетінше алу жолдары туралы толық ақпаратты «1414» нөміріне хабарласып білуге болады.