«Қайсар» футбол командасы дайындығын бастады

2 айға жуық үйде физикалық формасын сақтауға мәжбүр бол­ған фут­бол­шылар енді толық­қанды жаттығуға кірісіп жатыр.

Пандемия барлығымызға оңайға соққан жоқ. Футболдан Қазақстан біріншілігі екі турдан кейін кейінге шегерілгенін жан­күйерлер жақсы біледі. Мұн­дай жағдай әлемнің барлық елінде кездесті. Еуропаның бе­делді біріншіліктерінде де осындай ахуал қалыптасты. Бұл адамдардың денсаулығын сақ­тауда оң қадам болды. Сол арқылы футболшылар мен жан­күйерлерді көлденең кесел­ден сақтауға назар аударылды. «Қайсар» ойын­шы­лары да сол талапты орын­дауға көңіл бөлді. Ка­ран­тин уақытында үйінде болды. Тіпті легионерлерді де өз ел­деріне жіберген жоқпыз. Олар­дың барлығы Қызылордадан сыртқа шыққан жоқ. Спорт­шы әрдайым өзінің ба­бында болуға тиіс. Бұл бағытта бапкерлер мен ойыншылар ты­ғыз байланыста жұмыс жүр­гізді. Бапкерлердің онлайн берген тапсырмасын фут­бол­шылар то­лық орындады. Осылайша олар­дың бабын жоғалтпауға көңіл бөлінді. Команда үшін биыл – ерекше жыл. Еурокубок ойындарында бақ сынаймыз, – деді «Қайсар» ко­мандасының бас директоры Серік Досманбетов.

Қазір еліміздің футбол фе­де­ра­циясында Қазақстан бірін­шілігін өткізудің бірнеше нұс­­қасы дайындалып жатыр. Доп до­дасын қараша айына дейін аяқ­тау ойластырылған. Ол үшін ойын­дар санын қысқарту ұсы­нылып отыр. Бұл жағдайда қа­зірге дейін өткен 1 және 2-тур, мерзімі өзгерген ойындарды қоса есептегенде біріншілік екі айналым бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар Қазақстан кубогын ұйымдастыруда да өзгерістер ен­гізілуі мүмкін. «Қайсар» былтырғы кубок иегері ре­тінде оны ширек финалдан бастайды.

Карантин уақытында ойын­­шылар денсаулығына кө­ңіл бөлдік. Қашықтан олар­дың денсаулығы қадағаланып отырды. Біз арнайы тізбе не­гі­зінде тапсырма бердік. Футболшылар сол бойынша бізге барлық мәліметті жіберді. Ендігі кезекте де олардың ден­сау­лығы санитарлық талапқа сай негізде назарда ұсталады, – деді команда дәрігері Сәкен Дөңесов.

Оқу-жаттығу жиынына бар­лығы 26 футболшы шақыру алды. Әзірге жігіттер күніне екі мәрте дайындық жүргізеді. Алдағы уақытта ол үшеуге көбейтілуі мүмкін. Бұл ойын­шылардың то­лық қалпына кел­уіне оң әсерін тигізеді.