Блокпостар бұрынғы режим бойынша жұмыс істей береді

Ералы Тоғжановтың айтуынша, блокпостар алынбаса да, қалада жұмыс істейтіндердің кіріп-шығуына тыйым салынбайды.

Блокпостар бұрынғы режим бойынша жұмыс істей беретінін баса айтқым келеді. Оларды алып тастамаймыз. Бұл — өте маңызды сұрақ, кешеден бері күн тәртібінде тұр. Бұл сұрақ Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы, Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындары арасында туындап жатыр. Егер Алматы қаласында тұрып, бірақ Алматы облысында жұмыс істейтін немесе Алматы облысында тұрып, Алматы қаласында жұмыс істейтін азаматтар болса, олардың жұмысқа баруына толық мүмкіндік болады. Оған ешқандай шектеу жоқ, бірақ талаптары бар, жұмыс беруші жұмыс істейтін азаматтардың тізімін жасауы керек, — деді Ералы Тоғжанов.

11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды. Төтенше жағдай режимі аяқталса да, қалалар мен аудандарда карантин талаптары сақталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режиміне байланысты мәлімдеме жасады.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі  шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулыға қол қойды.