Президент: Карантин шектеулері біртіндеп алынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режиміне байланысты мәлімдеме жасады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасына жазды.

Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Дегенмен кейбір аймақта дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантин шектеулері әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады, – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

29 cәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойған еді. Осылайша елімізде заң бойынша төтенше жағдай режимі аяқталды, бірақ қалалар мен аудандарда карантин талаптары сақталады.