Басты бетЖаңалықтарCOVID-19: Қазақстанда...

COVID-19: Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды

11 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.

Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр, — деп жазды Берік Уәли.

Төтенше жағдай режимі аяқталса да, қалалар мен аудандарда карантин талаптары сақталады.

11 мамырда сағат 09.25-те Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталған адамдардың жалпы саны 5 126 болды. Коронавирустан 1 941 науқас айықты. 31 адам қайтыс болды.