Қадірлі отандастар!

Ардақты ардагерлер!

Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр — әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн.

Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз.

Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз.

Бұл ­- нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі.

Баршаңызға белгілі, жеңіс бізге оңайға түскен жоқ.

Келер ұрпақтың бақытты әрі берекелі ғұмыры үшін миллиондаған адам фашизмді жеңу жолында жанын пида етті.

Ортақ іске Қазақстанның қосқан үлесі зор.

Еліміздің әрбір бесінші тұрғыны майданға аттанды.

Олардың көбі соғыс даласынан оралған жоқ.

Қазақстандықтар ерен ерлік пен бекем бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Жаужүрек аталарымыз Брест қамалын, Мәскеуді, Ленинградты қорғауға барын салып, Сталинград, Курск шайқастарында, жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты.

Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Даңқ мемориалында. 2018 жылғы 9 мамыр
Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Даңқ мемориалында. 2018 жылғы 9 мамыр. Фото: Reuters.com

Уважаемые казахстанцы!

9 мая является символом отваги, самоотверженности и героического служения Родине.

В этот день мы вспоминаем о бессмертном подвиге наших отцов и дедов, о лишениях и тяготах, выпавших на долю тех поколений.

Миллионы людей пожертвовали свои жизни на алтарь победы над фашизмом во имя счастливой и спокойной жизни потомков.

Благодаря их подвигу мы живем под мирным небом, строим сильный и независимый Казахстан, верим в светлое будущее нашей страны.

Низкий поклон всем, кто прошел тяжелыми тропами войны, кто навеки остался на полях сражений, кто трудился в тылу и ковал оружие Победы.

Дорогие ветераны войны и тыла!

Ваша жизнь — пример истинного патриотизма.

75 лет назад вы остановили самую кровопролитную войну в истории человечества.

За эту победу пришлось заплатить огромную цену.

Наш священный долг — хранить вечную память о вашем подвиге.

Мы всегда будем помнить героев той войны, окружать заботой и вниманием ветеранов, беречь согласие и сплоченность народа.

Именно единство народа является главным залогом всех наших побед и достижений.

Сердечно поздравляю всех казахстанцев с юбилеем Победы!

Желаю всем крепкого здоровья, долгих лет жизни и мирного неба над головой!

Батырларымызға мәңгілік тағзым ету, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау — біздің қастерлі борышымыз.

Ел бірлігі — біздің жетістіктеріміздің басты кепілі.

Барлық қазақстандықты, соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтаймын.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игілік пен бақ-береке тілеймін!