Басты бетҚоғамАлматыда Қоғамдық...

Алматыда Қоғамдық медицина кеңесі құрылды

Кеңестің құрамына медицина қауымдастықтарының шамамен 140 жетекші сала сарапшылары мен өкілдері енді. Олардың қатарында азаматтық белсенді, «АГжПҒО» АҚ тәуелсіз директоры Аида Әлжанова, ТРИЗ-фасилитатор, халықаралық аккредитацияланған медиатор Ирина Виговская, «Алматы клиникалары қауымдастығы» ЖКжЗТБ атқарушы директоры Расул Дүйсенов, Қазақстандық репродкутив медицина қауымдастығының президенті, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер Вячеслав Локшин, Александр Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Болатбек Баймаханов, сонымен қатар республикалық медицина орталықтарының, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың, медициналық университеттердің, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің өкілдері бар.

Қоғамдық медицина кеңесі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеңестің міндеті — қазіргі жағдайға талдау жасай отырып, Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша шараларды жасап шығару. Кеңес құрылымында мына бағыттар бойынша үш жұмыс тобы құрылған: дәрігерлердің вирусты жұқтыруын болдырмау, қазіргі шынайы жағдайдағы медицина ұйымдарының жұмысы, Алматыда денсаулық сақтау жүйесінің посткризистік даму стратегиясы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы (болашақтағы) дағдарысқа дайындықты қамтамасыз етуде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртып, қойылған міндеттердің басымдығын қайта қарау үшін жаңа бастамаларды қолға алуымыз керек. Қоғамдық медицина кеңесінің мақсаты – Алматы денсаулық сақтау жүйеісінің посткризистік дамуы үшін қажет шаралар пакетін жасап шығару. Жаңа тәсілдер медицина қызметін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, қалалық медициналық қоғамдастықтың азаматтардың денсаулығына қатысты жағдайларда тез әрекет етуге, сонымен қатар әлдеқайда кең тарайтын ауру түрлеріне қарай бағытталады, — деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Кездесуде медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінен қорғау тәсілдері қарастырылды. Жекелей алғанда, медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныш құралдары сапалы тесттермен қамтылуын және коронавирусты тексеруде зертхана зерттеулерін жақсарту жайы да сөз болды.

Кеңес мүшелері тарапынан мемлекеттік және жекеменшік медицина ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру, жұмыс барысын жетілдіру, медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру, халықпен және қаланың ішкі медициналық қоғамдастықтарымен байланысты жақсарту, сондай-ақ, отандық медицинаға деген халықтың сенімін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері стресті жағдайда және оларға артылған жүк ауыр болып отыр. Сол себепті медицина мекемелерінің барлық қызметкеріне арнап қашықтан стреске қарсы бағдарлама жасау ұсынысы бар. Бұл салада бізде айтулы мамандарымыз да бар, — деді ТРИЗ-фасилитатор, халықаралық аккредитацияланған медиатор Ирина Виговская.

«Алматы клиникалары қауымдастығы» ЖКжЗТБ атқарушы директоры Расул Дүйсенов медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыру жағдайын талдауға жіті назар аударды. Бұл еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жаңа әдістерді жасауда, сонымен бірге дәрігерлер арасында жаңадан жұқтыру жағдайын болдырмау үшін керек.

Өз кезегінде азаматтық белсенді Аида Әлжанова бұл бастаманың Кеңес құрамындағы әрбір мүшенің осы іске белсенді қатысуын қажет ететін, дұрыс ұжымдық шешім қабылдауға ұйытқы болатын фасилитация технологиясын қолдана отырып жасалатын жаңа жұмыс форматы екенін атап өтті. Барлық ұсыныс жүйеге келтіріліп, егжей-тегжейлі түрде тексеріледі. Олардың негізінде қаланың медицина ұйымдарына арнап дағдарыс кезінде және одан кейінгі кезең үшін стратегия құрылмақ.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Кеңестің институттандырылатынын және оның тек коронавирус инфекциясымен күресу шараларын жүргізумен емес, карантин аяқталғаннан кейін де жұмысын жалғастыратынын айтты.

Қоғамдық кеңес медицина қоғамдастығымен диалог құрудың ықпалды тетігіне айналады. Кеңестің қатысуымен тәжірибеде жүзеге асыруға ұсынылатын қорытынды құжаттар жасалады, — деді Ержан Бабақұмаров.