Роман Скляр бастаған комиссия Мақтаарал тұрғындарымен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Мақтаарал ауданына барып, тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Роман Скляр халыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді.

Қазақстан Президенті “Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бір де бір тұрғыны көмексіз қалмайды” деді. Сол себепті сіздерден тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажет көмек беріледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы суқойма бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек беруді тапсырды, – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Роман Скляр тұрғындармен кездесті
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты Үкімет комиссиясы құрылғаны белгілі. Құрамында облыс әкімі, орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары бар жұмыс тобы Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуиси, Өргебас, Достық ауылдарында болып, тұрғындармен сөйлесті.

Роман Скляр Мақтааралда
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Комиссия тасқыннан келген шығынды шұғыл есептеуге кіріседі. Ең әуелі тұрғын үйлер қалпына келтіріледі.

Роман Скляр Мақтааралда
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Өзбекстан инженерия желілерін, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 50-ге жуық техника жіберді.