Түркістан облысында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, шаңды дауыл тұрады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында толассыз жаңбыр салдарынан өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Алматы облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында 1 градус, Ақмола облысында 3 градус, Нұр-Сұлтанда 2 градус, Қарағанды, Павлодар облыстарында 1-6 градус ызғар болады.