Бастан басқа өңірлерде тұман түседі, найзағай ойнайды, бұршақ аралас жаңбыр жауады, шығыс пен солтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады.

Павлодар облысында кей жерде найзағай ойнайды, қар аралас жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейетін жел соғады, 6 градус ызғар болады.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, қар аралас жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, дауыл тұрады, 6 ызғар болады.

Қостанай облысының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тұман түседі, 6 градус ызғар болады.

Қарағанды облысында кей жерде найзағай ойнайды, қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, 6 градус ызғар болады.

Алматы облысында да кей жерде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ақмола облыстарында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақмола облысында тұман түседі, қар аралас жаңбыр жауады, 6 градус ызғар болады, Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, 6 градус ызғар болады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Нұр-Сұлтанда қар аралас жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді, 3 градус ызғар болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Маңғыстау облысында найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысында 6 градус ызғар болады. Жамбыл облысында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.