Нұр-Сұлтан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде ел астанасында 44 соғыс ардагері бар. Оларға жалпы сомасы 44 миллион теңге төленеді. Сонымен бірге Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 75 мың теңгеден (405 адам), соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне, жесірлеріне және тыл еңбеккерлеріне 32 500 теңгеден (3 529 адам) төлем төленеді.
Биыл Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні тойланбайды.
Еске салайық, былтыр Нұр-Сұлтан ардагерлеріне 519 мың теңгеден төленді. Бір жыл бұрын астанада 71 соғыс ардагері болды.