Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл — дүниежүзіндегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.
Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. 30 күн оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.
Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын.
Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!