Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік саласы, өндірісі мен экономикасы біртіндеп қалпына келтірілетінін айтты.
Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық өмірін кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспары бойынша экономика белсенділігін арттыру үшін потенциалы жоғары және коронавирусты тарату қаупі өте аз секторлар анықталды. Олар — 20 сәуірде санитария-эпидемиология талаптарын сақтап жұмысын бастайтын өнеркәсіп пен құрылыс салалары, — деді Бақытжан Сағынтаев.
42,2 мың адам жұмыс орнына оралады. Алматыда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 20 сәуірден бастап бір ай ішінде 89,4 мың адамға көбейеді.
Қоғамдық көлік, аялдамалар мен метростанциялар, кәсіпорындардың жұмыс алаңдары мен халық көп жиналатын орындар жаппай дезинфекциялана береді.