Басты бетЖаңалықтарЖітіқарада коронавирус...

Жітіқарада коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптының бірі қайтыс болды

Оның айтуынша, Жітіқараның 75 жастағы тұрғыны қайтыс болды.

Ол 12 сәуірде әйелімен бірге жедел жәрдеммен Жітіқара ауруханасына түсті, температурасы көтерілген, әлсіреген, ентікпесі болды. Жағдайы орташа ауыр болды. Екеуінен де коронавирус инфекциясы анықталды. Науқас 5 сәуірден бері ауырғанын айтты, бірақ дәрігер шақырмаған, өзі емделген. Ешкіммен араласпадық деп отыр, Жітіқара аумағынан шықпаған. 14 сәуірде олардың жағдайы күрт нашарлады, — деді Вячеслав Дудник.

Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің қарқынды терапиясының боксталған палатасында науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, интубация жүргізілген. Жағдайы нашарлағаннан кейін барлық реанимация шарасы жасалған. 15 сәуірде сағат 08.10-да пациенттің жүрегі тоқтап, 20 минуттан соң қайтыс болған.

Марқұмның 65 жастағы әйелі стационарда емделіп жатыр, жағдайы орташа ауыр, қазір дәрігерлер ерлі-зайыптымен қарым-қатынаста болуы мүмкін адамдарды анықтап жатыр.

Қостанай облысында коронавирус инфекциясы барлығы бес адамнан анықталған. Жітіқара тұрғынының өлімі елімізде коронавирус құрбандарының санын 15-ке жеткізді.